Еркебұлан Тоқтар боксшы Данияр Елеусіновпен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты

07.01.2026 16:28 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Еркебұлан Тоқтар боксшы Данияр Елеусіновпен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты
0
176
Коллаж offside.kz

Қазақстандық Поп-MMA өкілі Еркебұлан Тоқтар Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің өзіне қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz

Қазақстандағы ең танымал Поп-MMA жекпе-жекшілерінің бірі Еркебұлан Тоқтар 2016 жылы Бразилияда өткен Олимпиада ойындарының чемпионымен бокстың классикалық ережелері бойынша жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты.

Бұған дейін Данияр Елеусінов Тоқтармен болатын ықтимал жекпе-жектің спорттық емес, тек коммерциялық тұрғыда ғана қызығушылық тудыруы мүмкін екенін айтты.

«Иә, Даниярдың пікіріне келісемін. Бұл жекпе-жекте спорттық мағына жоқ, бірақ коммерциялық қызығушылық бар. Олимпиада чемпионымен бір рингте жұдырықтасу  - мен үшін үлкен мәртебе», - деді Еркебұлан Тоқтар.

Оның айтуынша, Елеусіновтің көзқарасы түзу екенін білетінін айтты.

«Спорттық тұрғыдан маған да қызық емес. Ал коммерциялық жағынан жақсы ақша таба аламын. Бір-екі раунд шыдап бере аламын. Ол мені күліп жүріп ұрады. Таяқ жеймін. Бірақ ақша табамын», - дейді файтер.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий