"Еркек үшін құрбан етті": Қайрат Нұртастың қызы анасының отбасылық өміріне көңілі толмайтынын айтты

02.12.2025 13:04 Мөлдір Талғат
0
727
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Қайрат Нұртас әйелі қызымен

Қазақстанның танымал жұбы Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың жеке өмірі әрдайым ел назарында, ал бұл жолы көпшіліктің қызығушылығын олардың 16 жастағы қызы Алау тудырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жасөспірім Instagram парақшасында фотосессиядан алынған қысқа видеосын жариялап, жүрекке әсер ететін жазба қалдырған.

«Біздің аналарымыз — өз еркіндігі, бақыты мен өмірін ер адам үшін құрбан еткен соңғы ұрпақ. Бұл дәстүр солармен бірге аяқталсын» деп жазған Алау өзінің ойымен бөлісті.

Бұл пікір желі қолданушылары арасында үлкен дау туғызды. Бір топ оқырман Алаудың батылдығын түсінбей, сынға алса, екінші бөлігі оның ойын терең әрі саналы деп бағалап, қолдау білдірді. Пікірлер сан алуан болды.

«Анаң 10 жыл декретте отырып, кейін де сондай сымбатты болып шықты» деп жазғандар табылды.

Басқалары оның сөзін құптап: «Келісемін. Жұлдыз қанша сынаса да, тәрбиелі, ақылды балалар өсіріп отыр» деп пікір қалдырды.

Ал сын айтушылар тарапынан: «Ұятсыз», «Тәрбиесі қайда? Неге денесін көрсетуі керек?» деген реакциялар болды.

Сондай-ақ, «Дұрыс айтады, саналы қыз екен» деп қолдайтындар да көп болды.

Тағы бір топ пікір иелері: «Бұл — жай қылық. Оқу керек, тұлға болу керек! Қыз балаға лайық ұяңдық қайда?» деп өз көзқарасын ашық білдірді.

Алаудың жазбасы қоғамда әйел еркіндігі, ұлттық тәрбие және жас буынның көзқарасы жөніндегі пікірталасты қайта қозғап, кең көлемде талқыланған тақырыпқа айналды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий