Ермек Көшербаевқа жаңа қызмет табылды
Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы 13 қазанда Ақорда хабарлады, деп жазады Politico.kz.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салайық, Ермек Көшербаев 2025 жылдың 26 қыркүйегінен 2026 жылдың 2 қыркүйегіне дейін сыртқы істер министрі болды. Қыркүйекте үкімет құрамы қайта жасақталған кезде ол министр қызметіне қайта тағайындалмады. Қазір бұл қызметті Мұхтар Тілеуберді атқарады.
Ермек Көшербаев кім?
Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін және КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінде бастаған. Кейін түрлі мемлекеттік органдарда және ұлттық компанияларда басшылық қызметтер атқарған.
2010 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ауыл шаруашылығы вице-министрі және сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
2020 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметін атқарды. 2023 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
2025 жылдың ақпанында премьер-министрдің орынбасары қызметіне ауысты. Сол жылдың қыркүйегінде сыртқы істер министрі болды.
Соңғы жаңалықтар