Ернар Айдардың жазбасы желіде дау туғызды: Жол ережесі сақталды ма?

06.01.2026 18:19 Берік Арманов Берік Арманов
Ернар Айдардың жазбасы желіде дау туғызды: Жол ережесі сақталды ма?
0
367
Коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Ернар Айдар жаңа жылда өзіне қымбат сыйлық жасады, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы өнер иесі өзінің желідегі парақшасында жариялаған.

"Ассалаумағалайкум баршаңызға! Жылдың басын осылай өз-өзіме сыйлық жасап бастадым. Құттықтап қойсаңыздар болады. Баршаңызға жұғысты болсын. Каспи нөмерімді білетіндер, көрімдік жіберемін десеңіздер қарсы емеспін. Алла баршамызға жар болсын", - деп жазды Ернар Айдар.

Алайда оқырмандар әншінің екі сызықты басып, жол ережесін бұзғандығын жазуда. 

"Жұлдыздарға екі сызықты басуға кім рұқсат берді? Әлде заң тек қарапайым халыққа қана жүреді ме?", "Екі сызықты басып тұрғаныңыз қалай кетті", "Патрульдік полициядан рұқсат алдың ба?", "Жүргізуші куәлігің кетіп қалмасын", "Көрімдік емес, айыппұл алатын сияқтысыз-ау", - деп жазды оқырмандар. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий