Ержан Жиенбаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне қайта оралды

03.06.2026 12:14 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Ержан Жиенбаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне қайта оралды
164
Фото: gov.kz

Ержан Жиенбаев Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары  болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген Ақорданың хабарламасында.

Ержан Жиенбаев деген кім?

Бұл орын тәжірибелі шенеунікке таңсық емес, ол аталған қызметті бұған дейін де төрт жыл қатарынан, 2019 жылдың қазанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін атқарған болатын. Ал жаңа тағайындауға дейін ол соңғы 2 жыл 9 ай көлемінде Мемлекет басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі міндетін атқарып келді.

Алматы қаласының тумасы Ержан Жиенбаев кәсіби заңгер ретінде еңбек жолын 2002 жылы Қаржы министрлігінде бастап, кейін он төрт жылдай Премьер-Министр кеңсесінде қатардағы сарапшыдан мекеме басшысының орынбасарына дейінгі үлкен жолдан өткен.

20 жылдан астам мемлекеттік қызмет өтілі бар маман түрлі жылдары «Құрмет» пен «Парасат» ордендерімен, жеті бірдей мерейтойлық медальмен, сондай-ақ Президенттің алғыс хатымен марапатталған.

Войдите, чтобы оставить комментарий