"Есепшотына жинаған": Нумеролог Ырысбала Икрамбайдың соттағы ісіне қатысты пікір білдірді

04.08.2026 16:22 Мөлдір ҚАЙНАР
379
Фото: instagram.com/irisbala__ikrambai_official

Нумеролог әрі психолог Ирина Раззах блогер Ырысбала Икрамбай мен Диана есімді желі қолданушысы арасындағы сот процесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында ол блогердің банктегі есепшотынан шыққан қаражат көлемі көпшілікті таңғалдырғанын жеткізді.

"Ырысбала өтірік ақпарат таратты деп Диананы сотқа берді. Содан екеуі соттаса келе, сот Ырысбаланың банк көшірмесін шығаруға рұқсат берді. Ол жердегі ақшаларды көргенде шок болдым. 2023 жылға дейін өз есепшотына жинаған. Ол жерге өте қомақты ақша түскен. Бір адамға үйді уақытылы алып бермеген, мектебі жоқ жерден лашық алып берген. Оның ақшасы алып берген үйінен өте көп. Тұрсын Алагөзовтің өзі шок болатын шығар ол ақшаны көрсе. 2023 жылы бәрін жаптым, тыныш болады деп ойлаған шығар. Блогерлер Айнұр Тұрсынбаевадан үйрену керек еді", – деді Ирина Раззах.

Сондай-ақ ол сотта Диананың сөзі расталып, жеңіске жеткенін айтты.

"Диана жеңіп шықты. Банк көшірмесі шығып кетті, оның ақпараты дұрыс болды. Сол арқылы Ырысбаланы сотқа берсе де болады, себебі дәлел бар", – деп толықтырды ол.

Еске салсақ, бұған дейін Диана есімді азаматша Ырысбала Икрамбайдың қайырымдылық қорлары арқылы жинаған қаражатына тексеріс жүргізу қажет екенін мәлімдеген еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий