Есірткі үшін қатаң жазалау: Президент жаңа заңға қол қойды

Есірткі үшін қатаң жазалау: Президент жаңа заңға қол қойды
02.01.2025 11:23
0
370
gov.kz
Есірткі өндірушілерге өмір бойына жаза тағайындалуы мүмкін.

Қазақстанда есірткі қылмысына қатысты жаңа қатаң жазалау ережелері енгізілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заңда есірткі тарату, дайындау және олармен байланысты басқа да әрекеттер үшін жазалау шаралары нақты реттелді.

"Закладка" жасаушыларға жеңілдік
Бұрын есірткі "закладчиктері" үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған болса, енді бұл мерзім 5 жылдан 8 жылға дейін қысқартылды. Бұл өзгеріс жастар мен жасөспірімдерді қылмыстық топтардың құрбанына айналдырмау мақсатында енгізілді. Дегенмен, қылмысты бірнеше рет қайталағандар 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Есірткі өндірушілерге қатаң жаза
Есірткі дайындау, өңдеу және өндірумен айналысатындарға қатаң шаралар қолданылады. Бұл қылмыс үшін енді 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы беріледі, мүлкі тәркіленеді.

Қызметкерлерге ауыр жауапкершілік
Дәрігерлер, мұғалімдер немесе басқа да қызметкерлер есірткі таратқан жағдайда жазалау 15 жылдан 20 жылға дейін ұлғайтылды.

Өсімдіктерді заңсыз өсіруге жаза
Енді есірткілік заттар құрамында бар өсімдіктерді заңсыз өсіру үшін қылмыстық топтар ерекше жауапкершілікке тартылады.

Прекурсорлар мен құралдар үшін жауапкершілік
Заң прекурсорлар мен есірткі жасауға арналған құралдарды заңсыз қолданғаны үшін де жауапкершілікті енгізді.

Қазақстандағы бұл өзгерістер есірткімен күресте жаңа кезеңнің басталғанын көрсетеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или