Фельдшер Ұлдана Мырзуанға ескерткіш орнатылады
Бұл туралы журналистерге Мәжіліс дәлізінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова хабарлады деп жазады POLITICO.KZ.
Министрдің айтуынша, марқұм оқыған медициналық колледжде оның құрметіне арналған аудитория ашылады.
«Бұл – барлығымыз үшін ауыр оқиға. Ол бүкіл медициналық қауымдастықты біріктірді. Ұлдана Мырзуанның ерлігі ескерусіз қалмауы тиіс, сондықтан оның құрметіне ескерткіш орнатуды жоспарлап отырмыз», – деді министр.
Еске салайық, 8 қараша күні Астанада Тәуелсіздік даңғылы 24Б мекенжайында, ғимараттың сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер блогы опырылып түсті. Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті, олардың ішінде жедел жәрдемнің екі фельдшері болған.
23 жастағы Ұлдана Мырзуан 8 қарашадан бастап жансақтау бөлімінде жатты және ауыр жарақаттар салдарынан көз жұмды. Марқұмның отбасы құтқарушылар кеш жетті деп мәлімдеген, алайда ТЖМ өкілдері 112 қызметіне түскен дабылдан кейін бірден жолға шыққанын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар