"Феноменсіз": Ерке Есмахан продюсер Баян Алагөзоваға алғыс айтты
Әнші Ерке Есмахан продюсер Баян Алагөзованың өмірі мен шығармашылық жолында ерекше орны бар екенін айтып, оған жүрекжарды лебізін білдірді. Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Politico.kz.
Еркенің айтуынша, танымал продюсер оған тек сахналық бағыт беріп қана қоймай, өмірлік ұстанымдарды да үйреткен.
"Қыз бала ретінде әдемі сөйлеуді, талғаммен киінуді, өзіңді қадірлеуді, таңдау жасауды, саналы ересек әрі лайықты ұстауды көрсетті. Баян Мақсатқызы тек менің ғана емес, бүкіл қазақ сахнасында жарқырап жүрген талай қыздың бағын ашқан, талай таланттың жолын қалыптастырған үлкен продюсер", – деп ағынан жарылды ол.
Сондай-ақ әнші Баян Алагөзованың отандық шоу-бизнестегі еңбегін жоғары бағалап, оған ақ тілегін арнады.
"Сіздің жас буынға да, алдыңғы буынға да сіңірген еңбегіңіз ұшан-теңіз. Алла деніңізге саулық, ғұмырыңызға береке берсін. Қыздарыңыздың қызығын көріп, әрдайым елдің ықыласы мен құрметіне бөлене беріңіз! Өміріңіз ұзақ болсын! Мен сізді жақсы көремін, сізді сыйлаймын, құрметтеймін. Феноменсіз ғұмыр", – деп түйіндеді сөзін Ерке Есмахан.
Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасын жылы қабылдап, продюсердің өнердегі орнына оң бағасын беріп жатыр.
Соңғы жаңалықтар