Ғани Бейсембаев қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады
1 қыркүйекте ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев барша қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Министрдің айтуынша, жаңа оқу жылы елдің барлық өңірінде үлкен жоспарлармен және үмітпен басталып отыр. Ол ұстаздардың, ата-аналардың және оқушылардың еліміздің болашағына қосып жатқан үлесін атап өтті.
«Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар! Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі білім ордалары өз есігін айқара ашады. Жаңа оқу жылын біз үлкен жоспарлармен, үкілі үмітпен бастап отырмыз. Сіздердің әрқайсыңыз еліміздің болашағы үшін өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Биылғы оқу жылы оқушыларымыз бен ұстаздарымызды жаңа биіктерді бағындыруға шабыттандыратын жетістіктер мен жеңістерге толы болсын деп тілеймін! Білім күні құтты болсын!», – деді министр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.10.2026
21:37
Пара алудан ақшаны жылыстатуға дейін. Астанада ...
17.10.2026
17:31
Бостандыққа шығуына санаулы күн қалған: Атбасар...
17.10.2026
16:58
Мемлекетке сыйлық: Нұрасыл Медеу ерекше шешім қ...
17.10.2026
16:22
Шымкенттегі шудан кейін Қайрат Нұртастың концер...
17.10.2026
15:35
«Басыңды кесіп аламын»: Астанада ер адам 11 жас...
17.10.2026
14:17
Динара Сәтжан сәби күтіп жүр ме? Желіде жұртты ...