Газ құбырының зақымдануы 8 мың пәтерді газсыз қалдырды

16 қаңтарда Алматы қаласының Түрксіб ауданында орташа қысымдағы жер асты газ құбыры зақымдалды. Бұл туралы «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Компанияның мәліметінше, зақымдану Захаров көшесі, 56 мекенжайында, үшінші тұлғалардың канализациялық құбырлар орнату бойынша жер жұмыстары кезінде орын алған.
«Оқиға асфальт жабынын тескен кезде жеке тұлғалардың кәсіби емес әрекеттері салдарынан болған», – деп түсіндірді компания өкілдері.
Алматы филиалы зақымдалған газ құбырында апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Жөндеу жұмыстары кезінде 8 048 көпқабатты тұрғын үй пәтері, 2 543 жеке үй және 67 коммуналдық-шаруашылық пен өнеркәсіптік кәсіпорындар уақытша газсыз қалады.
Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін тұрғындар газ кранын жабық күйде ұстауы қажет. Жұмыстар толық аяқталмайынша, газды пайдалануға болмайды.
Егер газдың иісін немесе газдың ағу қаупін байқасаңыз, дереу «QazaqGaz Aimaq» АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне 104 нөмірі арқылы хабарласыңыз.
Ақпарат bes.media сайтынан алынған.
Соңғы жаңалықтар





