Ғазиз Әбішев: Тоқаев биліктегі туыстыққа тыйым салып, шенеуніктерге үлгі көрсетті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туыстық байланыс арқылы билікке келуге тыйым салып, барлық мемлекеттік қызметкерлер мен саясаткерлерге үлгі көрсетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ SHYNDYK.KZ арнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның мүшесі, саясаттанушы Ғазиз Әбішев мәлімдеді.
«Президенттің жақын туыстарының саяси лауазымдарды алуына тыйым салу – біздің елде бұрын да байқалған, ал көршілес елдердің бірқатарында әлі де байқалатын непотизмді болдырмаудың механизмі. Бұл мемлекеттік қызметкерлер мен саяси басқарушыларға туыстарын билікке тартпауға үлгі болуы тиіс», – деді Ғазиз Әбішев Мәжілістің жалпы отырысында.
Саясаттанушы Әбішев президенттің бұл шешімі арқылы билікке келуде туысқандық және таныстық факторына нақты тосқауыл қойылғанын атап өтті.
Сондай-ақ, сарапшы сайлау жүйесіндегі реформалар туралы да өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, Мәжіліске мажоритарлық жүйенің қайта енгізілуі – халық күткен әрі қажетті қадамдардың бірі.
Соңғы жаңалықтар





