Гүлзира Айдарбекова Қайраттың қарызға батқанын айтты

25.11.2025 14:59 Мөлдір Талғат
Гүлзира Айдарбекова Қайраттың қарызға батқанын айтты
0
240
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Қайрат Нұртас

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасқа қатысты қызық әрі бұрын беймәлім болған оқиғаны бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл жағдай туралы ол «Шәйдің қыздары» подкастында айтып өтті. Оның сөзінше, көпшілік әншінің атына «Қайраттың да кредиті бар» деген әзі күлкі сөздерді жиі айтады, ал бұл әңгіме мүлде басқа жағдайдан шыққан. Гүлзира Айдарбекова:

«Көбі Қайраттың да кредиті бар деп күледі. Ал ол қайдан шықты? Қайрат несиеyi өзіне алмайды. Мысалы ұшақтан түскеннен кейін алдынан біреу шығып: Қайрат балам, мына затты сатып аласың ба несие төлеуім керек еді, депті. Қайрат қанша деп сұраған. Сөйтсе 1 млн 600 мың ба сондай екен. Бірақ ол қолындағы затын 200 мыңға ма ал деп тұр. Сөйтсе қалтасында артық ақша жоқ. Өйткені Қайраттың ақшасы ИП-ға түседі. Сонда кредит алады да ана кісіге ақшаны аударып жібереді. Оны қайдан естіп қалғанын білмеймін, Қайрат Нұртастың да кредиті бар екен деп барлығы шықты. Сонда ол өзіне де алып тұрған жоқ еді», – деді Гүлзира Айдарбекова.

Бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында да қызу талқыланып, пікірлердің сан алуандығын көрсетті. Желіде: «Қайраттың ақшасын мен ұстаймын десейші», «Қайрат кең жігіт қой», «Неге сонша ақталады, онда тұрған не бар?», «Кермет жандар», – деген пікірлер жазылған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий