Halyk Bank аударым комиссиясының бағасын көтерді

Қазақстанның ең ірі қаржы ұйымдарының бірі Halyk Bank өз клиенттеріне арналған ақша аударымдары үшін комиссияны көтерді. Бұрын басқа банктерге жасалатын аударымдар үшін 150 теңге комиссия алынған болса, енді бұл сома 200 теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл өзгеріс туралы ресми хабарландыру жасалмады, ал банк өкілдері комиссия мөлшерінің көтерілуіне қатысты түсініктеме берген жоқ.
Қазақстанда жаңа Салық кодексі талқыланып жатыр. Оның аясында банктік қызметтерге ҚҚС(қосымша құн салығы) енгізілуі мүмкін. Егер бұл өзгеріс қабылданса, банк комиссияларының одан әрі қымбаттауы мүмкін.
Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова бұған дейін банк қызметтерін НДС-пен салықтандыру клиенттерге қосымша қаржылық жүктеме әкелетінін айтқан.
"Біз ҚҚС енгізу туралы нақты шешімдерді әлі көрген жоқпыз. Бірақ алғашқы ұсыныстарда барлық қаржылық қызметтерді салыққа енгізу қарастырылған болатын. Кейін депозиттер мен несиелер салықтан босатылды. Соңғы деректер бойынша, тек комиссиялық табыстарға салық салынуы мүмкін. Қаржы қызметтері ешқашан ҚҚС-пен салықтандырылған емес, және мұндай салық енгізілмеуі тиіс, себебі барлық қосымша төлемдер клиенттерге ауыр тиеді," – деді Шаяхметова.
Үкіметтің 28 қаңтарда өткен кеңейтілген отырысында ҚҚСмөлшерлемесін 12%-дан 15-20%-ға дейін көтеру мүмкіндігі талқыланды. Бұл шешім қабылданса, банк қызметтері мен комиссиялар одан әрі қымбаттауы мүмкін.
Ақпарат bes.media сайтынан алынған.
Соңғы жаңалықтар





