Халықты алдап байыған блогерлер сотталуы мүмкін

Халықты алдап байыған блогерлер сотталуы мүмкін
16.10.2025 11:54
0
163
Әлеуметтік желі

Қазақстан Қаржылық мониторинг агенттігі танымал блогерлер Жанабыловтарға қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенатта өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу басталды. Іс кеше немесе алдыңғы күні тіркелді. Олар елімізде жүр», — деді Елемесов.

Аталған бапқа сәйкес, заң бұзған тұлғалар 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (шамамен 7,7 млн теңге) айыппұлмен, 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстармен немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру не шектеу жазасымен жазалануы мүмкін.

Бұл іс қоғам назарын аударды, себебі Жанабыловтар әлеуметтік желілерде белсенділігімен және өткір пікірлерімен танылған блогерлер ретінде көптің талқысына жиі түсіп жүрген болатын. Тергеудің нақты мән-жайы әзірге жария етілген жоқ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий