Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев 3 жыл 3 айға сотталды

02.12.2025 09:05 Арман Ермеков
Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев 3 жыл 3 айға сотталды
1
1358
Фото: instagram.com/bagdat.karasaev

Алматы облысында Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz сайты «ҚазАқпарат» ХАА-не сілтеме жасап.

Іле ауданының экс-әкімі Бағдат Қарасаев лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны және заңсыз кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін кінәлі деп танылды. Сот шенеунікті бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Іле аудандық сотында қаралған қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Қарасаев қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жер телімін заңсыз берген. Сонымен қатар ол қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын басқару барысында аталған кәсіпорынға қамқорлық жасап, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға заңсыз қатысқан.

Сот үкімімен экс-әкім Қылмыстық кодекстің 361-бабының 3-бөлігі және 364-бабының 3-бөлігі бойынша айыпты деп табылды. Оған 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, мемлекеттік органдарда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Бұл іс бойынша айыпталған өзге тұлғаларға да жаза қолданылды. Сотталушы Б. есімді азаматшаға мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салына отырып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы берілді. Ал Д. есімді азамат мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға қатысты қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айырылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді. Төртінші фигурант саналатын М. есімді азамат ақталып шықты.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, Бағдат Қарасаев Іле ауданын 2018 жылдың қыркүйегінен бастап басқарған. Оны 2024 жылдың қыркүйегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен облыстық прокуратура қызметкерлері бірлескен арнайы операция барысында ұстаған болатын.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, қылмыстық схемаға аудандық қаржы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары да тартылған. Топ мүшелері өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының рұқсатынсыз үлестес компанияға қоқыс полигонын сенімгерлік басқаруға берген. Кейіннен келісімшарт мерзімін негізсіз ұзарту арқылы лауазымдық өкілеттіктер асыра пайдаланылған.

Пікірлер (1)
    Zamira Bertailakova 2025-12-02 18:16
    2021 —2025 ЖЫЛ АРАЛЫҒЫНДА ЗАҢСЫЗ МЕДИПОЛЬСІТУ ПОЛИКЛИНИКА МЕН МЕДИПОЛЬ ТҰРҒЫН ҮЙІН САЛҒАН ТОО МЕД. ЗДОРОВЬЕ ИШМЕТОВ АЗИЗБЕКА ХИКМАТУЛЛАЕВИЧ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҒАСЫ АЙБЕК ХИКМАТУЛЛАЕВИЧ ИШМЕТОВ ЖӘНЕ ТУЫСТАРЫ МЕН ҰЛТТАРЫ ӨЗБЕК АЗАМАТТАРЫНЫҢ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЕҢІС МАХМУДҰЛЫ КАСЫМБЕК ҚОЛДАП ОТЫР*— ДЕГЕНДЕ СЕНБЕМ ЕДІМ.. ЕКІ СОТ ШЕШІМІ ШЫҚТЫ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ 1. АУДАНАРАЛЫҚ ЭКНОМИКАЛЫҚ СОТ ШЕШІМІ 01.07.2024 ШЫҚТЫ. ОНЫ МЕМЛЕКЕТТІК ӘДІЛЕТТІК ЗАҢ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ СОТ ШЕШІМІН ОРЫНДАУШЫ АБДРАСУЛЛ БАҒЛАН ЖАУЫП ТАСТАДЫ 2024 ЖЫЛДЫҢ ОКТЯБРЬ ҚЫРЫҚҮЙЕК АЙЫНДА. ОДАН МЕМЛЕКЕТТІК МӘЖБҮРЛЕП ТРЫНДАТУШЫ КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚОЛДАДЫ. ИШМЕТОВ АЗИЗБЕКА ХИКМАТУЛЛАЕВИЧ ЗАҢСЫЗ АШҚАН КАФЕ РЕСТОРАНДАРЫН Burger ot Sheffa. 2.Shashlyk. 3.Plov ot Sheffa. 4
    Salamat.. Арызданушы ГУ*Управление контроля и качество городской среды г.Астаны* болатын. Бастығы ТАЖИЕВ Гани ЖАРАСОВИЧ. Астана қаласы Әкімінің адамы..
    Екінші Астана қаласының СМАС — судьясы Сембин М. М. 29.04.2025 жылы сотт отырысын нақты МЕДИПОЛЬ тұрғын үйін кафе ресторандарында өткізді.
    Сот ШЕШІМІ 28.05.2025жылы шықты. Әлі орындалған жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий