Интим видеосы тараған ақтаулық асаба мен жұбайы халықтан көмек сұрады

16.04.2026 16:23 Мөлдір Талғат
Интим видеосы тараған ақтаулық асаба мен жұбайы халықтан көмек сұрады
17427
Фото: коллаж politico.kz

Ақтауда танымал асаба мен оның жұбайына қатысты жеке сипаттағы бейнежазбалардың таралуы қоғамда қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиғадан кейін ерлі-зайыпты әлеуметтік желі арқылы көпшілікке үндеу жасап, жағдайдың өздеріне ауыр тиіп жатқанын жеткізді. Олар халықтан видеоның әрі қарай таралуын тоқтатуға көмектесуді сұраған.

"Барша қазақ елінен көмек сұраймыз!!! Видеонын таралмауына ат салысайық. Осы видеоны таратып немесе өздеріңіз өз сөздеріңізбен сторис пост салып қолдасаңыздар!!! Анама әйеліме отбасыма қатты қиын болып жатыр. Бізге қастандық жасап, видеоны таратып жіберуіне байланысты көмек сұраймыз. Қазір үлкен резонанс болып жатыр. Өзімізге де жіберіп жатыр. Ол видеоның желілерде сатылуын тоқтатуға көмектесіңіздерші. Таратып жатқан адамдарды заң жүзінде тексеріп жатыр. Барлығы өз жазасын алатын болады. Жан-жақтан шабуыл. Мен шыдамаймын ары қарай", – деді асаба.

Олардың айтуынша, бұл жағдай әдейі ұйымдастырылған болуы мүмкін. Қазіргі таңда видеоны таратқан тұлғаларға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ерлі-зайыпты көпшіліктен түсіністік танытып, жеке өмірге қол сұқпауды сұрады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий