Испанияда екі пойыз соқтығысып, 40 адам қаза тапты

19.01.2026 12:10 Арман Ермеков Арман Ермеков
Испанияда екі пойыз соқтығысып, 40 адам қаза тапты
0
50
haqqin.az

Испанияның оңтүстігінде, Кордова қаласынан 37 шақырым жердегі Адамус станциясы маңында екі жүрдек пойыз соқтығысып, салдарынан 40-қа жуық адам көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz порталы Ru.euronews.com-ке сілтеме жасап.

Оқиға жексенбі күні кешкі сағат 19:38 шамасында болды. Малагадан Мадридке бет алған Iryo 6189 жолаушылар пойызы бағыттама бұрмаларында рельстен шығып кетіп, көрші жолға өткен. Дәл сол сәтте қарсы бағытта Мадридтен Уэльваға бара жатқан Renfe компаниясының Alvia пойызы келіп, онымен соқтығысқан.

Соққының жойқын болғаны сонша, Iryo пойызының 6, 7 және 8-ші вагондары қатты майысып, ішіндегі адамдар қысылып қалған. Апат кезінде Iryo-да 300-ден астам, ал Alvia құрамында 200-ге жуық жолаушы болған.

Төтенше жағдай орнында 40 адам, соның ішінде Alvia пойызының машинисі қаза тапты. 170 адам жеңіл жарақат алса, 75 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, соққы кезінде жер сілкінгендей әсер болған. Жолаушылар сыртқа шығу үшін терезе әйнектерін сындыруға мәжбүр болды.

Құтқару операциясы түні бойы жүргізілді. Соқтығысу салдарынан екі құрам бір-бірінен 800 метрге дейін алшақтап кеткен, ал Alvia-ның бірнеше вагоны төрт метрлік биіктіктен құлаған. Құтқарушылар үйінді астынан тірі қалғандарды шығару үшін металл корпустарды кесті. Оқиға орнында дала госпиталі тігілді.

Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте апат болған теміржол учаскесінің мамыр айында ғана жаңартылғанын айтып, оқиғаны «өте оғаш жағдай» деп бағалады. Қазіргі уақытта Мадрид пен Андалусия арасындағы теміржол қатынасы тоқтатылды. Тергеу амалдары бір айға созылуы мүмкін.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий