Желіде шу шығарған судьянын әрекетіне қатысты сот ресми жауап берді

Желіде шу шығарған судьянын әрекетіне қатысты сот ресми жауап берді
20.08.2025 16:29
0
311
Сурет: Бейнеден кадр

ЖЕЛІДЕ ШУ ШЫҒАРҒАН ВИДЕОҒА ҚАТЫСТЫ СОТ РЕСМИ ЖАУАП БЕРДІ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ POLITICO.KZ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛЫ.

Әлеуметтік желілерде алматылық судьяның сот отырысы кезінде қолын айқастырып, "тор" бейнесін көрсеткен видеосы қызу талқыға түсті. Төрағалық етушінің бұл әрекетіне қатысты көпшілік түрлі болжам жасаған соң, Алматы қалалық соты оқиғаның мән-жайын түсіндіруге мәжбүр болды.

Соттың ресми хабарламасында бұл видеоның 2024 жылы түсірілгені айтылған. Ол үш сотталушының бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш-хаты қаралған резонанстық қылмыстық іс кезінде болған оқиға. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бахытхан Бәкірбаевтың бұл қимылына қатысты сот келесідей түсініктеме берді:

«Отырысқа қатысушылардың бірі залдан шығып кетпек болған. Судья қолымен белгі арқылы мұндай әрекетке жол берілмейтінін көрсетті. Бұл қимылдың ешқандай жасырын астары жоқ, ол тек тәртіпті сақтауға бағытталған», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Бір қызығы, сол отырыста сот қамауға алу туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан, ал кейінірек іс бойынша айыпталғандар толықтай ақталған. Дегенмен, осы процесс барысында судья Бәкірбаевтың үстінен шағымдар түскені расталды. Сот этикасы жөніндегі комиссия оның мінез-құлқын стандарттарды бұзу деп тауып, сөгіс жариялаған болатын.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай жақында орын алған болатын. Шымкент қалалық сотының судьясы Әбинұр Қарабаевтың атышулы істі қарау кезінде журналиске тілін көрсеткен. Осыған орай Қарабаевтың қылығына қатысты тексеріс басталды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий