Катар әмірі Мәскеуге келді

Катар әмірі Мәскеуге келді
17.04.2025 17:14
0
277
Alexander Nemenov/Pool via REUTERS
Катар Украинадағы соғысты тоқтату үшін дипломатиялық қадам жасауда

Катар Әмірі шейх Тамим бин Хамад әл-Тани бүгін Мәскеуге ресми сапармен келді. Ол Ресей Президенті Владимир Путинмен Украина мен Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде келіссөз жүргізеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Кремль бұл сапарды "өте маңызды" деп бағалап отыр. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, екі елдің басшылары бірқатар күрделі мәселелер бойынша "салмақты әңгіме" өткізеді және бірнеше келісімге қол қояды.

Катар бұған дейін Ресей мен Украина арасында араағайын болуға тырысып, соғыс салдарынан ата-анасынан ажырап қалған балаларды екі елге қайтаруға көмектескен болатын.

Биылғы аптада Ресей мен Катар басшылары Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатында бейбіт келісім іздеу бағытындағы күш-жігерді талқылайтынын мәлімдеген.

АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше рет "қантөгісті тоқтатқысы" келетінін айтып, өз жоспарын ұсынғанымен, әлі нақты нәтижеге қол жеткізе алған жоқ. Ал Мәскеу болса, бұл қақтығысты реттеу оңай болмайтынын алға тартты.

Катардың Сыртқы істер министрі Мұхаммед әл-Хулайфи ТАСС агенттігіне берген сұхбатында, Әмір мен Путиннің кездесуінде Украина, Сирия, Газа секторы және энергетика, оның ішінде сұйытылған табиғи газ (СПГ) мәселелері талқыланатынын хабарлады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий