«Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасындағы жағдай туралы айтты

31.08.2026 • 09:39 Мөлдір ҚАЙНАР
«Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасындағы жағдай туралы айтты
3583
Фото: коллаж politico.kz

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы күнделікті күйбең тірлік пен шаруалар жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі келінінің үйдің сыртқы жұмыстарына үлгермейтінін және оның себебін түсіндіріп өтті.

«Менің келінім үйде ештеңе жасамайды, істемейді. Үйді әктеп-көктеп, жуып-шайып тазалау керек. Келінім бұл жұмыстарды жасамайды. Себебі екі кішкентай немерем бар. Олардың тамағын беру керек, ұйықтату керек. Үйде үлкен енесі, яғни мамам бар. Ол кісінің де күтімі бар. Бұл жұмыстардың бәрін қалай реттерімді білмеймін. Киноға түсемін бе, әлде үй жинаймын ба?», — деді өнер иесі.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий