"Керіліп жатып жұмсау бұйырсын": Тойда келінге тілек айтқан ененің сөзі желіні шулатты
Тойлардың бірінде жаңа түскен келінді "керіліп тұрып жұмсауға жазсын" деп тілек айтқан ененің видеосы желі қолданушыларының ашу-ызасын тудырды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бейнежазбада егде жастағы әйелдің келінді тек қызметші ретінде көріп, арнайы осындай тілек арнағаны анық байқалады. Желі қолданушылары бұл сөзді қазақ келіндеріне деген құрметсіздік әрі ескірген қасаң түсінік деп бағалап, қатаң сынға алды.
Көпшіліктің мұндай сөздерге наразы болуына қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, әсіресе келіндер мен жас әйелдердің өз шаңырағында қысым көру оқиғаларының жиілеп кетуі себеп болып отыр. Бұған дейін де тойда әйелдерді қорлап сөйлеп, кейін жауапқа тартылған ер адамның әрекеті және соңғы кездері Меркіде болған қайғылы оқиғалар елдің жарасына тұз сепкендей әсер еткен еді.
Желідегі оқырмандар мұндай тілектердің жастар арасындағы түсіністік пен отбасы құндылықтарына кері әсерін тигізетінін айтып, пікір қалдыруда.
Соңғы жаңалықтар