КГБ-ның Қазақстанның батысында казак сепаратизмін қоздырмақ болған жоспары әшкереленді

КГБ-ның Қазақстанның батысында казак сепаратизмін қоздырмақ болған жоспары әшкереленді
19.09.2025 09:39
0
199
Сурет: Азаттық Радиосы

1991 жылы КГБ Оралдағы казак сепаратизмін арандатпақ болған

Публицист Артур Ниғметовтың жарық көрген жаңа кітабында 1991 жылы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (КГБ) Оралдағы казактар арқылы сепаратизмді қоздыру жоспарлары туралы айтылады. «Оралдағы қарсы тұру. 1991 жыл» деп аталатын еңбекте бұрын белгісіз болып келген деректер жарияланған.

Кітапта сол кездегі Орал облыстық Кеңесінің төрағасы Нажмеден Есқалиевтің казактардың қарулы топтар құрып жатқанынан күдіктенгені, алайда жергілікті КГБ басшысы Червяковтың бұл ақпаратты үнемі жоққа шығарып, жасырып келгені баяндалады.

Деректерге сәйкес, Есқалиев Червяковтың орынбасары, ұлты қазақ Тұрысбек Дәулетовпен жасырын сөйлесіп, оны ел тағдыры үшін әрекет етуге шақырған. Бір аптадан кейін Дәулетов өз бастығы Червяковтың казак атаманы Качалинмен сөйлескен жасырын аудиожазбасын әкеліп берген. Бұл жазба КГБ басшысының сепаратистерге көмектесіп жатқанының дәлелі болған.

Осыдан кейін Нажмеден Есқалиев Мәскеуге ұшып, КСРО КГБ төрағасы Владимир Крючковтың қабылдауына кірген. Аудиожазбаны тыңдаған Крючков өзіне бұрыс ақпарат берілгенін айтып, мәселені шешуге уәде еткен.

Нәтижесінде үш күннен кейін полковник Червяков қызметінен алынып, Оралдан кері шақырылған. Ал оның заңсыз істерін әшкерелеуге көмектескен орынбасары Дәулетовтің қызметі, керісінше, жоғарыламай, жазаланған.

Еске сала кетсек, 1991 жылы Оралда казактардың 400 жылдық мерейтойын өткізу әрекеті үлкен дауға ұласқан. Казактар Қазақстанның батыс аумағын Ресейге қосып, «Орал маңы республикасын» құру сияқты талаптар қойған. Бұған наразы болған қазақ белсенділері жаппаай шерулер ұйымдастырып, мерейтойдың өтуіне тосқауыл қойған болатын.

Дереккөз: КазТаг

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий