"Кім көрінгенді ала береді": Полиция қызметкерлерді әлеуметтік желі арқылы алуда

13.07.2025 14:21
0
410
Коллаж POLITICO.KZ (Фото: Әсет Күндекбаев)

Полиция қызметкерлерді әлеуметтік желі арқылы алуда

Қарағанды полициясы қызметкерлерді газет, сайттар, Instagram әлеуметтік желісі және WhatsApp мессенджері арқылы жарияланған хабарландырулар арқылы жұмысқа қабылдайтынын ресми түрде мәлімдеді. Іріктеуден өткен үміткерлер қатардағы қызметкерден бастап, орта басшылық құрамдағы лауазымдарға дейін орналаса алады.

Полиция қатарына қосылуға ниет білдірген азаматтарға қойылатын талаптар да жеңілдетілген. Мәселен, қатардағы қызметкер лауазымына жоғары білім міндетті емес, тек орта білімі 9 немесе 11-сыныпты бітіргені туралы аттестат болса жеткілікті. Бұл ретте үміткерлерден арнайы тестілеу де талап етілмейді.

«Үміткерлерге әлеуметтік кепілдіктер, тұрақты және уақтылы жалақы, тегін медициналық қызмет көрсету және мансаптық өсу қарастырылған. Қызметке 35 жасқа дейінгі азаматтар қабылданады», — деді Қарағанды қалалық полиция басқармасының жеке құраммен жұмыс бөлімінің бастығы Асел Исабаева.

Бұл жаңалық қоғамда әртүрлі пікір тудырды. Желі қолданушылары "Арнайы білімі бар мамандардың өзі жұмысында қателік жіберіп жатады, ал мектеп бітіргендерден не күтуге болады", "Міне Қазақстандағы полиция, кім көрінгенді ала береді" деп сынауда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий