«Кинодағыдай болып кетпесін»: әнші Шахизада мектептегі алғашқы махаббатымен қайта қауышты
Отандық танымал әнші Шахизада Сейткасимова әлеуметтік желідегі парақшасында көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген видеосын жариялады. Өнер иесі мектептегі алғашқы махаббатымен бірге түскен сәтін көрсетіп, өткенге бір сәт шегініс жасады, деп хабарлайды Politico.kz
Әншінің айтуынша, ол сыныптастарының тойына қатысып, ұзақ уақыт көрмеген достарымен жүздескен.
«Кеше тойға барып, сыныптастарыммен кездестім. Той керемет өтті. Бұл видеода – менің мектептегі алғашқы махаббатым “Бұл сезімді қайтейін” әнін орындап тұр. Ал мен кинодағыдай болып кетпесін деп сырттай күліп тұрмын. Ал сіздер, алғашқы бала махаббаттарыңызды еске алдыңыздар ма?» — деп жазды Шахизада.
Желі қолданушылары бұл жазбаға ерекше ықыласпен пікір білдіріп, әншінің сезімге толы сәтіне жылы лебіздерін жаудырды.
«Алғашқы махаббатыңызға үйленсеңіздер, керемет дуэт болар еді», «Алғашқы махаббат – ең таза сезім», «Даусы да, өзі де талантты екен», «Екеуіңіз сахнада керемет жарасар едіңіздер», «Мектеп кезіндегі сезімдер ұмытылмайды ғой» деген пікірлер желіде жиі кездесіп жатыр.
Көпшілік үшін бұл видео өткен шақтың тәтті естелігін еске салған әсерлі сәтке айналды.
Соңғы жаңалықтар