Кісі қолынан өлген Ержан Бабақұмаровтың соты жабық өтетін болды
Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты қылмыстық іс жабық режимде қаралады, деп хабарлайды Politico.kz
26 қаңтар күні Астанада аталған іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Сот процесі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді.
Судья Айжан Күлбаеваның айтуынша, істі жабық режимде қарау туралы шешім марқұмның кәмелетке толмаған балаларының мүддесін қорғау үшін қабылданған.
«Марқұмның 16 және 12 жастағы екі баласы қалды. Сонымен қатар адам өміріне қарсы аса ауыр қылмыстарға қатысты істің егжей-тегжейін БАҚ-та ашық жариялау қоғамда қылмыстың жасалу тәсілі мен сипаты бойынша талқылауға әкелуі мүмкін», – деді судья.
Еске салайық, оқиға 2025 жылдың қазан айында болған. Ержан Бабақұмаров 36 жастағы танысымен жанжалдасып, төбелес кезінде алған жарақатынан көз жұмған.
Ержан Бабақұмаров бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі және Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Ол экс-ҰҚК төрағасы Карим Мәсімовтің жақын ортасындағы тұлға ретінде де аталған.
Айыпталушы ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотталады.
Соңғы жаңалықтар