Көкқайнар ауылында Қазақмыстың қолдауымен жаңа спорт кешені ашылды

08.06.2026 09:10 Қанат Айбар
Көкқайнар ауылында Қазақмыстың қолдауымен жаңа спорт кешені ашылды
70
Фото: KAZAKHMYS

Шу ауданының Көкқайнар ауылында «Қазақмыс» компаниясының қолдауымен бокс пен күреске арналған заманауи спорт кешені қолданысқа берілді, деп хабарлайды Politico.kz корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған әлеуметтік нысанның құрылысына барлығы 268,5 млн теңге инвестиция жұмсалған. Аумағы 481 шаршы метрді құрайтын бір қабатты ғимарат бір ауысымда 30 балаға қызмет көрсете алады, яғни күрес пен бокс залдарының әрқайсысында бір мезетте 15 адам еркін жаттығады.

Жаңа кешеннің іші толықтай қажетті құралдармен жабдықталып, мұнда киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер, сондай-ақ бапкерлерге арналған арнайы кабинет қарастырылған. Бұдан бөлек ғимарат сыртында келушілерге арналған автотұрақ пен таза ауада шынығуға арналған ашық спорт алаңы да бар. Жалпы бұл жоба ауылдық жердегі спорттық инфрақұрылымды дамытып, жасөспірімдердің өз туған жерінде кәсіби деңгейде шынығуына үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий