Көкшетау әкімі Әнуар Күмпекеевтің қымбат брендті киімі қоғам талқысына түсті

14.11.2025 13:15 Арман Ермеков
Көкшетау әкімі Әнуар Күмпекеевтің қымбат брендті киімі қоғам талқысына түсті
0
228
фото: коллаж POLITICO.KZ

Threads әлеуметтік желісінің бір қолданушысы Көкшетау әкімі Әнуар Күмпекеевтің үстіндегі брендті күртешені байқап, оның құнын жариялағаннан кейін, қала басшысының киімі төңірегінде пікірталас туды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Желі қолданушысы әкімнің қазіргі суық мезгілде киіп жүрген күртешесінен танымал брендті байқап, оның нақты моделін анықтап, бағасын көрсеткен.

«Бұл Көкшетау қаласының әкімі – Әнуар Күмпекеев. Ол Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровадан еш кем емес. Оған да брендті киім киюге болады. €1710 тұратын күрте – 1 043 000 теңге», — деп жазды ол.

Шынымен де, әкімнің сөз болып отырған күртені киіп жүргені оның әлеуметтік желілердегі бейнежазбаларынан анық көрінеді.

Алайда бұл жазба шенеунікке бағытталған сынға ұласпады. Керісінше, пікір қалдырғандардың басым көпшілігі әкімді қолдап шықты.

Көпшілік пікіріне сүйенсек, шенеунікті оның жеке стилі үшін емес, атқарған жұмысы үшін бағалау керек:

"«Оның жалақысына мұндай күрте сатып алуға болады. Адамдарды киімі үшін айыптаудың не қажеті бар? Елде басқа мәселе жоқ па? Әкімді жұмысы бойынша бағалаңыздар», «Ол Көкшетауды 360° өзгертті! Не кисе де өз еркі», «Нәтижеге қарау қажет. Ол қала үшін көп жұмыс істеді, сондықтан оның киімін талқылау орынсыз. Мұндағы хейт артық», «Қала тұрғындарының өз әкімін қорғап шығуы – бұл жақсы басшының көрсеткіші емес пе? Қысқа уақытта қаншама жоба іске асты, халықпен ашық жұмыс істейді. Ал оның не киетіні, немен жүретіні, қайда тұратыны – бұл оның жеке мәселесі», «Әнуар әкім болғанға дейін ірі компанияның вице-президенті болды. Жалақысы жоғары болды, сондықтан мұндай киім алуы – қалыпты жағдай. Адамды киімі үшін емес, қабылдаған шешімдері үшін сынау керек»", — деп жазды желі қолданушылары.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий