"Нағыз экзотика боласың": Коуч қазақ қыздарына Еуропа жігіттеріне тұрмысқа шығуға кеңес берді
Белгілі әйелдер коучы, мотивациялық спикер, жазушы әрі теле-радио жүргізушісі Денис Байгужин қазақ қыздарына қатысты ерекше мәлімдеме жасады. Ол бойжеткендерге өз елінде көптің бірі болып жүре бермей, таңдауды шетелдік азаматтарға бұруды ұсынады. Коучтың пайымдауынша, сырт келбеті мен мәдениеті қазақтардан өзгеше ер азаматтар олардың қадірін көбірек біледі әрі ерекше бағалайды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы ол Zhuldyzlight бағдарламасына берген сұқбатында айтты.
«Мысалы, АҚШ-ты алып қарайық. Менің тренингімнен өткен бір қазақ қызы америкалыққа тұрмысқа шықты. 5 жылдан кейін ажырасты. Бірақ заң бойынша күйеуі барлық мүлкін әйеліне қалдыруға мәжбүр болды. Неліктен? Өйткені ол жақта әйел құқықтары заңмен мықтап қорғалған. Тіпті екеуің де қарапайым жұмысшы, мысалы, күйеуі заңгер, әйелі менеджер болып, аса бай болмасаңдар да. (...). Егер әйелі баламен үйде отырса, күйеуі де бала күтіміне дәл сондай уақыт бөлуге міндетті. Күйеуінің жұмыстан келіп, сырасын ішіп алып, компьютерлік ойындар ойнап отыруы, ал әйелінің үй жинап, шаршап жүруі деген атымен жоқ. Әйелі де, күйеуі де балаға кезекпен қарайды. Егер күйеуі баламен отырғысы келмесе, онда бала күтушісінің ақшасын өзі төлейді. Міне, АҚШ-та осындай шынайы теңдік бар. Сондықтан әйел құқығы мемлекет деңгейінде толық қорғалған елді таңдау керек. Екіншіден, қазақ қыздарын ерекше бағалайтын елдерді қарау керек. Ал қазақ қыздарын қай жерде қатты жақсы көреді? Ер азаматтары қазақтарға мүлдем ұқсамайтын елдерде. Иә, дәл солай. Яғни, қазақ жігіттеріне мүлдем ұқсамайтындар. Қысқасы, мен саған АҚШ-ты, Еуропаны және көз жанары, бет-әлпеті басқаша шетелдік еркектерді ұсынар едім. Оның себебі – Қазақстанда сен басқалар сияқты қарапайым ғана әйелсің, көптің бірісің. Ал егер сені басқа елге ауыстырсақ, сен сол жақта нағыз экзотика, сирек кездесетін сұлу боласың», – деді Денис Байгужин.
«Ал егер мен қазақ балаларын туғым келсе, бұл менің психологиямда ақау бар дегенді білдіре ме? Дегенмен, мен өз елімді қатты жақсы көремін. Маған бұл ел көп мүмкіндік берді. Әрине, бәрі мен сияқты ойламауы мүмкін. Шындығына келгенде, мен өте қарапайым, тіпті кедей отбасыдан шыққанмын. Ата-анам қарапайым, кеңестік тәрбие алған адамдар», – деп сұрады бағдарлама жүргізушісі Жұлдыз Абдукаримова.
«Жоқ, бұл жай ғана сенің санаңа сіңіп қалған «қазақ туу керек» деген бағдарлама. Башқұрттардан туа бер, біз де ұқсаймыз ғой». Мен башқұрт болсам да, маған көбіне «қазақсың ба» деп жатады. Негізі башқұртпын, бірақ түркі халықтары болғандықтан қанымыз бір ғой. Сондықтан қазақтармен туыстығымыз жақын. Бірақ бұл менің жеке пікірім», – деді коуч.
Соңғы жаңалықтар