«Көйлектерімді өртеймін»: Мадина Сәдуақасова жұртты таңғалдырған әдетін айтты

14.04.2026 15:20 Мөлдір Талғат
«Көйлектерімді өртеймін»: Мадина Сәдуақасова жұртты таңғалдырған әдетін айтты
776
Фото: Instagram.com / sadvakasovamadina

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова жеке өміріне қатысты тосын әдетімен бөлісіп, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі журналист Динара Жанықұлға берген сұхбатында сахнада киген киімдерін ұзақ сақтамайтынын айтты. Оның сөзінше, тіпті қымбат дизайнерлік көйлектерді де белгілі бір уақыттан кейін жойып отырады.

Әншінің айтуынша, бұл – жай ғана шешім емес, уақыт өте қалыптасқан өзіндік дәстүр.

"Көйлектерім өте көп. 1 ай киемін, 1 айдан асырмаймын. Сақтамаймын. Жағып жіберемін отқа. Дизайнерлік көйлек болса, бутиктерге беремін. Сіңілім көйлектерімді прокатқа беретін. Ол ритуал сияқты. Әке-шешемнің үйіне барамын. Бақшаға шығарып, сосын жағамыз", – деді әнші.

Мадинаның сөзінше, бұл әрекет – өткен кезеңмен қоштасып, жаңа шығармашылық кезеңге қадам басудың бір жолы. Бұл істе оған туған інісі көмектеседі.

Алайда әншінің бұл әдеті желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Бірі мұны ерекше дәстүр деп қабылдаса, енді бірі ысырапшылдық деп сынға алды.

"Қып-қызыл өтірік", "Өтірігін ұйқастыра алмай отыр", "Мақтаншақтық, ысырапшылдық", – деп жазды желідегілер.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий