«Көзіне жас алды»: Жазира Байырбекова желіні тебірентті

«Көзіне жас алды»: Жазира Байырбекова желіні тебірентті
Фото: sn.kz

Әнші Жазира Байырбекова өткен күндері мен балалық шағын еске алып, әлеуметтік желідегі жазбасымен оқырмандарын тебірентті, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі өзінің Instagram парақшасына бейнежазба жүктеп, бала кезінен қалған ыстық естелігімен бөлісті.

«Оқушы кезімдегі көңілімдегі күнделік ақтарылып жатыр. Балалық шақтың әрбір естелігі жүрекке ерекше ыстық қой. Сол күндерге қайта оралғандай күй кешіп отырмын. Сол әжей менің мәңгілік бала бейнемде қалды. Уақыт өтсе де, жүректе сақталған естеліктер ешқашан ескірмейді екен», – деп жазды әнші.

Әсерлі видеоға пікір қалдырған желі қолданушылары әншінің естелігіне бейжай қарай алмай, көздеріне жас алғандарын жарыса жазды.

«Мен неге жылап отырмын», «Көңілім бос адаммын, сіз айтқан әңгімеден сол орыс әже көз алдыма келді», «Кино көріп отырғандай болдым, жыладым. Көңілі бос адамдарды қатты түсінемін», – деп жазды оқырмандар.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу