"Күн бермейді": Алматы облысында тағы бір әйел күйеуінен қорлық көріп отырғанын айтты

15.01.2026 11:39 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
233
Фото: коллаж POLITICO.KZ

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Ақтерек ауылында көпбалалы ана күйеуінен көрген зорлық-зомбылық туралы мәлімдеп, елден көмек сұрады, деп хабарлайды Politico.kz.

Әйел өзінің жанайқайын әлеуметтік желіде жариялап, күйеуінің ішімдік ішіп, өзін және балаларын қорлайтынын айтқан. Оның сөзінше, отбасындағы жағдай жылдан-жылға ушығып барады.

«Мұның бәрін полицияға тапсырамын. Күйеуім ішеді, боқтайды, балаларға тиіседі. Кетейін десем, артымнан атпен қуып жетті. Бес балам бар, көріп отырған күнім осы», – дейді көз жасына ерік берген әйел.

Оқиғаға қатысты Алматы облысы полиция департаменті ресми түсініктеме берді. Ведомство Instagram желісіне жүргізілген мониторинг барысында аталған жазба анықталғанын хабарлады.

Полиция мәліметінше, 49 жастағы ер адамға қатысты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша материал тіркеліп, тексеру жұмыстары басталған.

«Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында процессуалдық шешім қабылданады. Бұған дейін бұл дерек бойынша полицияға арыз-шағым түспеген», – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда жағдай бақылауда, тексеру амалдары жалғасып жатыр

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий