Маңғыстауда “директордың баласы” басқа балаларды ұрып соғып қорқытқан (ВИДЕО)

18.04.2026 15:17 Қарақат АСЫЛОВА
Маңғыстауда “директордың баласы” басқа балаларды ұрып соғып қорқытқан (ВИДЕО)
372
Видеодан кадр
Жетібайда “ерке бала” балабақшада ойына келгенін істеген

Маңғыстау облысының Жетібай ауылындағы балабақшада болған жағдай қоғамда алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды Politico.kz сайты HALYQSTAN-ға сілтемемен.

Ата-аналардың айтуынша, балабақша тәрбиеленушілерінің бірі өзін еркін ұстап, басқа балалар мен тәрбиешілерге қысым көрсеткен. Оны ата-аналар «директордың баласы» деп атап, оған бәріне рұқсат берілгенін алға тартады.

Куәгерлердің сөзінше, бала тынығу уақытында еркін түрде жатын бөлмеге кіріп, балаларды оятып, мазаларын алған. Тіпті кейбір тәрбиешілердің өздері де бұл жағдайдан кейін жылағаны айтылуда, алайда нақты шара қолданылмаған. Оқиғаның шарықтау шегі баланың жатын бөлмеге кеңсе пышағына ұқсас өткір затпен кіріп, оны басқа балаларға көрсетіп қорқытқан сәті болған. Ата-аналардың бірі қызының айтуына сүйеніп, баланың ұйықтаған жағдайда «зиян келтіремін» деп қорқытқанын жеткізді.

Бұл кезде тәрбиешінің қайда болғаны және не себепті ешкім баланы тоқтатпағаны әзірге белгісіз.

Маңғыстау облыстық білім басқармасы аталған дерек бойынша 20 сәуірден бастап қызметтік тексеріс басталатынын хабарлады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий