Маңғыстауда нөсер жауын салдарынан жүзге жуық жылқы қырылып қалды
1179
Маңғыстауда жауыннан кейін ондаған жылқы батпақта қаза тапты
Маңғыстау ауданында толассыз жауған жаңбыр салдарынан жылқылардың қырылу дерегі тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz сайты Lada.kz сілтемемен.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, нөсерден кейін мал суға ағып, сортаң жерлерге түсіп кеткен. Соның салдарынан көптеген жылқы батпаққа батып, шыға алмай қырылған. Тағы бір бөлігі әлі де тұзды лайдан шыға алмай жатыр.
Ауыл тұрғындары әлеуметтік желіде дабыл қағып, әр аулада бірнеше бастан он басқа дейін мал шығыны болғанын жеткізді. Олардың сөзінше, жағдай ушығып кетуі мүмкін.
«Қатты жауыннан кейін Ақшымырау ауылы маңында мал суға кетіп, сортаңға түсіп қалды. Көптеген жылқы тұзды лайға батып өлді, ал кейбірі әлі шыға алмай жатыр. Егер Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті билік көмектеспесе, жағдай қиындай түседі», – дейді тұрғындар.
Ауыл халқы құзырлы органдар мен жануарларды қорғау ұйымдарын мәселеге назар аударуға шақырды.
Соңғы жаңалықтар
01.09.2026
18:44
Санжар Боқаевтың ісі қорғау тарапы материалдарм...
01.09.2026
18:44
ҰҚК генералдың інісін тергеуде
01.09.2026
18:09
Жетісу облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды
01.09.2026
18:06
ҰҚК Маңғыстаудың полиция бастығын тергеуде
01.09.2026
17:23
Қазақстанда 2027 жылдан бастап АЕК мөлшері өседі
01.09.2026
16:38
«Қазақмыс» компаниясының 139 маманы халықаралық...