Мақтанамын! Нұралы Әлиев марқұм әкесі Рахат Әлиевті еске алды

Алматыда өткен «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы Чемпиондар лигасының ойынынан кейін тұңғыш президенттің жиені Нұралы Әлиев өзінің instagram парақшасында марқұм әкесі Рахат Әлиевті еске алды.
«Соңғы күндері әкем Рахат Әлиевтің иманы саламат болсын, атына көптеген жылы лебіздер алдым.
Бұл кездейсоқ емес. Дәл сол кісі Қазақстанның Футбол федерациясын басқарған кезеңде, 2002 жылдың 25 сәуірінде еліміз Азия конфедерациясынан шығып, ресми түрде UEFA-ға мүше болды.
Стокгольмдегі Мишель Платинимен болған келіссөздер және оның 2005 жылы Алматыға алғашқы сапары есімде жақсы сақталыпты. Ол кезде бәрі енді ғана басталып жатқан еді...
Ал кеше мен орталық стадионда Чемпиондар лигасының матчын тамашаладым: біздің алматылық «Қайрат» UEFA-ның ең атақты клубы — мадридтік «Реалға» қарсы ойнады. Және мұның бәрі — АЛМАТЫДА!
Сол кезде мен бұл шешімнің қаншалықты стратегиялық маңызды болғанын шын мәнінде сезіндім. Жылдар өте келе, ол өз жемісін беруде.
Мақтанамын! Барша алматылықтарды, бүкіл Қазақстанды және, әрине, «Қайрат» футбол клубын осы тарихи сәтпен құттықтаймын!», - деп жазды Нұралы Әлиев.
Соңғы жаңалықтар





