«Маскадағы адам» ауылдан мешіт ашты
2335
«Маскадағы адам» бүркеншік атымен танымал анонимді қайырымдылық жасаушы тағы да көпшіліктің назарын аударды. Бұрын бұл жұмбақ азамат мұқтаж адамдарға пәтер мен ақша беру арқылы үнемі көмек көрсетіп отыратын. Алайда бұл жолы оның назары рухани бастамаға – мешіт ашуға ауыпты, деп хабарлады politico.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол видеосында мешіттің ашылғанын жариялап, бұл оқиғаның «Алла Тағаланың қалауымен» болғанын атап өткен. Кадрдан оның ұлттық киімдегі ұл мен қызды көтеріп тұрғанын көруге болады.
Мешіттің нақты орналасқан жері ашып айтылмаған, бірақ бейнеде көрсетілген пейзаж оның ауылдық жерде салынғанын айғақтайды. Соған қарағанда, бұл да «Маскадағы адамның» осындай нысандарға қолжетімділігі шектеулі аймақтардың дамуына үлес қосқысы келетіндігінің бір көрінісі болса керек.
«Маскадағы адам» өзінің шағын бизнесі бар екенін де айтты. Одан түскен кірісті қайырымдылық шотына салады.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...