Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
620
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі Дун Цзюньге ілтипат білдіре отырып, оның тату көршілік, достық қатынастарды және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент қазақ-қытай байланыстары жоғары деңгейде екеніне, яғни арада мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік орнағанына назар аударды.
Мемлекет басшысының пікірінше, көпжақты құрылымдар аясында Қазақстан мен Қытайдың өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелеріне қатысты көзқарастары ұқсас.
Өз кезегінде ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюнь қонақжайлық көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, ШЫҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кеңесі жоғары деңгейде өткенін атап өтті.– Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шеңберінде конструктивті диалог құрып, бір-бірімізге қолдау білдіріп келеміз. Сондай-ақ Қытайдың дүниежүзілік дамуға, жаһандық қауіпсіздік пен өркениетке қатысты ұсынған бастамаларын жоғары бағалаймыз әрі қолдаймыз. Бұл бастамалар әлемдегі қауіпсіздіктің қазіргі жүйесін нығайтуға оң үлес қосады деп санаймын, – деді Президент.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
15:16
Бұрынғы министрдің күйеуі Ақтөбеде 60 млрд теңг...
08.10.2026
15:03
Астана көшелерінің бірінде есінен танып қалған ...
08.10.2026
14:34
Ресейдегі 14 қазақстандық елшілікке жеткізіле м...
08.10.2026
14:07
Өскеменде полицейді өлтірді деген күдікті аурух...
08.10.2026
12:50
Ақтөбе облысында ер адам изолятордан қашып кеткен
08.10.2026
12:32
«Айта берсең көп, қайсыбірін айтайын». Роза коу...