"Мен сізді жұмыстан шығартуға тырысамын": желіде мұғалімнің қызы үндеу жасады

27.11.2025 12:05 Мөлдір Талғат
0
163
Фото: видеодан кадр

Желіде мұғалімнің қызының ата-аналарға жолдаған үндеуі тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оның айтуынша, бастауыш сыныпқа жетекшілік ететін 56 жастағы анасына бір оқушының анасы 20 минут бойы айғайлап, ауыр сөздер айтқан, соның салдарынан ұстаздың қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем шақыруға тура келген. Бойжеткен биыл анасының бастауыш сыныпқа жетекші болуына өзі қарсы болғанын, дегенмен ата-аналардың өтінішімен анасы бұл жауапкершілікті қайта қабылдағанын айтады. Алайда сол ата-аналардың бірі келіп, ұстазға ауыр сөз айтып, министрлікке шағым түсіретінін мәлімдеген. Мұғалім ата-анамен сөйлесу барысында:

“Сізге сынып немесе менің сабақ бергенім ұнамаса, балаңызды басқа сыныпқа ауыстырыңыз”, – деп ұсыныс жасаған, ал әйел: “Жоқ, ол осы сыныпта оқиды, мен сізді жұмыстан шығартуға тырысамын”, – деп жауап берген екен.

Видео авторы оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер арасындағы өзара сыйластықтың ең маңызды құндылық екенін айтып, баршаға сабыр мен түсіністік танытуға шақырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий