"Мені жыл сайын перзентханаға апарады": Ерке Есмахан күйеуінің міндеті туралы айтты

40 жастағы қазақстандық әнші Ерке Есмахан жақында үшінші рет ана атанбақ. Ол Instagram парақшасында жаңа видео жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Үшінші сәбиін күтіп жүрген Ерке әлеуметтік желідегі парақшасында жайлы отбасылық өмірін – жылы үйін, күйеуі мен балаларын жиі көрсетіп отырады.
Бұл жолы әнші көлік ішінде түсірілген видеосымен бөлісті. Машинасының терезесінен ол үлкен ұлы Муслимді видеоға түсірген. Муслим қала ішінде велосипедпен жүрген. Бүгінде ұлы велосипед тебу мен баскетболға қатты қызыға бастаған. Ерке Есмаханның күйеуі RaiM Муслимнің бұл қызығушылығын толықтай қолдап жүр.
Еркенің айтуынша, отбасы басшысы – RaiM-ның мойнында көп міндет бар.
«RaiM кіші ұлымызды бассейнге апарады, ал келесі күні үлкен ұлымен бірге велосипедпен бара жатқан жолда оны ертіп отырады. Ал мені жыл сайын перзентханаға апарады», – деп әзілдеді Ерке Есмахан.
Соңғы жаңалықтар





