Мерей Абилованың күйеуі Димаш Қашкен ұлттық құрамада ойнайды

Блогер Мерей Абилованың күйеуі, Жетісу футбол клубының қорғаушысы Димаш Қашкен Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды деп хабарлайды POLITICO.KZ
Ұлттық құраманың бас бапкер міндетін атқарып жатқан Талғат Байсуфинов Лихтенштейн және Солтүстік Македония құрамаларымен өтетін матчтарға шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады. Аталған тізімде Димаш Қашкен де бар.
Димаш Қашкен 5 қазан күні алматылық “Қайратқа” қарсы өткен матчта сынның астында қалды. Алайда қорғаушы ұлттық құрама қатарына ілікті. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырып жатыр.
“Ағаш сияқты, не үшін доп теуіп жүр?”, “Мерейдің абыройын түсірмей, үйде отыра берсең қайтеді?, “Цирк”, “Мынау тіпті дұрыс доп тебе алмайды ғой”, “Келген допты тіпті қайтара алмайды”, “Байдың баласы” деген сынды жағымсыз пікірлер футболшының Instagram парақшасында жазылған.
Қазақстан ұлттық құрамасы 10 қазанда Астана Аренада Лихтенштейнмен, ал 13 қазанда Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды.
Бұл ойын 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу матчы болмақ.
Соңғы жаңалықтар





