Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы 24 жыл бұрынғы құпияны ашты

Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы 24 жыл бұрынғы құпияны ашты
Фото: әлеуметтік желі

Әнші Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы Махаббат Бесбаева өнер иесімен қалай танысқанын еске алып, отбасылық тарихымен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның сөзінше, екеуінің табысқанына 24 жыл толған. Алғашқы кездесуде болашақ жарына ерекше қызығушылық білдірмеуі керісінше әншінің назарын аудартқан.

«Республика сарайында таныстық. Олар концерт беріп болды. Қыздар суретке түсеміз деп жүгіріп барып, жабысып жатты. Мен болсам: “Кім, неге жүгірді?” – деп қарап тұрмын. Сол кезде Мейрамбек мені байқап қалған. “Ана қыз неге суретке түсуге келмей тұр? Шақырыңдар”, – деді. Таныстығымыз солай басталды», – деді Махаббат Бесбаева.

Сонымен қатар әншінің жары биыл 25 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан «МузАРТ» тобына жылы лебізін білдіріп, мерекесімен құттықтады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу