Министрлік әйелін қылқындырған шенеунікті қызметтен алуды талап етті

27.01.2026 14:23 Арман Ермеков Арман Ермеков
Министрлік әйелін қылқындырған шенеунікті қызметтен алуды талап етті
237
фото-коллаж: politico.kz

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан соң Туризм және спорт министрлігі Ұлттық сурдлимпиада комитетінің вице-президенті Арсен Шакуовты лауазымынан босатуды ұсынды, деп хабарлайды Politico.kz

Үкіметте өткен брифинг барысында министр Ербол Мырзабосынов аталған мәселеге қатысты түсініктеме берді.

«Бүгін министрлік Сурдлимпиадалық комитетке кезектен тыс жиналыс өткізіп, аталған адамды вице-президент қызметінен босатуды ұсынды. Бұл – белгілі бір рәсім, алайда министрлік өз ұсынысын беріп қойды. Спорт министрлігі бұдан әрі бұл адаммен сурдоспорт бағыты бойынша жұмыс істемейтін болады», – деді Министр.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде танымал қоғам қайраткері, Ұлттық сурдлимпиада комитетінің вице-президенті Арсен Шакуовтың қатысуымен болған бейнежазба тараған еді. Кадрлардан оның өз әйеліне күш қолданып, қылқындырып жатқанын және оны өлтіремін деп қорқытқанын байқауға болады. Бұл оқиға қоғамда қызу талқы тудырып, халықтың наразылығына ұласқан болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий