«Мықты бол... Күрес...»: Сәрсемалиевтің анасы сотта ұлына үн қатты
2098
Жангелдин ауылындағы отбасы өліміне қатысты сот отырысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиевтің анасы Гүлнар Азмұханова сөз сөйледі, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол соттың сұрақтарына жауап беруден бас тартқандықтан, тергеу барысында берген көрсетулері оқылды. Әйел өз жауабын толықтай растайтынын мәлімдеді.
Сот залынан шығар алдында Гүлнар Азмұханова судьядан ұлына тіл қатуға рұқсат сұрады. Анасы Сұлтанға бес баласының бар екенін еске салып, қандай жағдай болса да олардың әкесі болып қала беретінін айтты.
«Сен бұл өмірде қуаныш көрмедің. Өмір бойы күресіп келдің. Мықты бол. Өмір үшін күрес. Мен балаларыңа олардың әкесі бар екенін айтып отырамын», – деді ол.
Айта кетейік, Жангелдин ауылындағы жаппай кісі өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Тергеу нұсқасы бойынша, қаза тапқандар айыпталушының бұрынғы әйелінің туыстары болған.
Соңғы жаңалықтар
27.08.2026
23:16
Астанада подъездте кіші дәрет сындырған ер адам...
27.08.2026
22:59
«Күйеуім еркектік міндетін атқармайды». Уролог ...
27.08.2026
22:29
“Анасын қорғаймын деген”: Өгей ұлын пышақтап өл...
27.08.2026
21:36
“Қазақ деген нөмір үшін”: Астанада шетелдік жүр...
27.08.2026
21:12
Еркебұлан Тоқтар: Шавкат мені екі бүктеп лақтыр...
27.08.2026
20:21
Психоаналитик алименттен қашатындар туралы: Не ...