Нахчывандағы шабуыл: Әлиев Тоқаевқа қолдауы үшін алғыс білдірді

07.03.2026 12:16 Арман Ермеков
Нахчывандағы шабуыл: Әлиев Тоқаевқа қолдауы үшін алғыс білдірді
324

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нахчывандағы әуежайға жасалған шабуылды айыптағаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

«Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы бауырластық әрі одақтастық қатынастар рухында Иран мемлекетінің Нахчыванға жасаған шабуылдарын айыптап, елімізге қолдау көрсеткені үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығымды білдіремін», - деп жазды Ильхам Әлиев Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран ұшқышсыз аппараттарының Нахчыван қаласындағы әуежайға жасаған шабуылына қатысты өз ұстанымын жариялап, бауырлас әрі одақтас Әзербайжанға қарсы жасалған бұл әрекетті қатаң айыптайтынын мәлімдеген болатын. Сонымен қатар президент аймақтағы шиеленістің ушығуына жол бермеу үшін Иранмен бірлесіп оқиғаны мұқият тергеуге және жанжалды дипломатиялық жолмен шешуге үміт артатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, 2026 жылдың 5 наурызында Иранның ұшқышсыз ұшақтары Нахчывандағы нысандарға, оның ішінде халықаралық әуежайға шабуыл жасаған еді. Бір дрон әуежай терминалының ғимаратына құлап зақым келтірсе, екіншісі Шекерәбад ауылындағы мектептің жанына түсіп, салдарынан екі бейбіт тұрғын зардап шекті. Осы оқиғадан кейін Әзербайжан тарапы Иран аумағынан барлығы төрт дрон ұшырылғанын және оның біреуі атып түсірілгенін растады.

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий