Назарбаев жарты миллиард долларға зәулім сарай сатып алмақшы болған

Назарбаев жарты миллиард долларға зәулім сарай сатып алмақшы болған
25.09.2025 09:36
0
402
ФотоКоллаж: POLITICO.KZ

Ресейлік кәсіпкер Назарбаевтың Франциядағы вилланы сатып алмақ болғанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.

Белгілі ресейлік кәсіпкер Шалва Чигиринский журналист Юрий Дудьқа берген сұхбатында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияның Лазур жағалауындағы атақты вилланы сатып алмақ болғанын айтты. Назарбаевтың адамдары бұл зәулім сарай үшін жарты миллиард доллар ұсынған.

Әңгіме неден басталды?

Кәсіпкер бұл атақты вилланы 2001 жылы 14,5 миллион долларға Африканың Заир (қазіргі Конго) елін басқарған бұрынғы диктатор Мобуту Сесе Секоның отбасынан сатып алған. Қалпына келтіруге шамамен 25 млн доллар жұмысап, 2009 жылы Ресейден кетуге мәжбүр болғандықтан "Газпромнефть" компаниясына 70 миллион долларға сатып жіберген.

Бұл жай ғана үй емес, аумағы 3,2 гектарды алып жатқан үлкен кешен. Негізгі үйде 15 жатын бөлме, ал қонақ үйінде 6 бөлме бар. Аумақта екі бассейн, тікұшақ алаңы және бомбадан қорғайтын орын болған.

Кейінірек бұл үйде атақты ресейлік спортшы Алина Кабаева тұрған. Қазіргі таңда бұл жылжымайтын мүлік Самвел Карапетян есімді кәсіпкерге тиесілі.

Назарбаевтың адамдары не іздеген?

Вилланың сатып жатырған кездері Назарбаевтың атынан келген адамдар дәл осындай ерекше нысанды Францияның оңтүстігінен жазғы резиденция ретінде сатып алу үшін іздеген.

"Оларға тікұшақ қонатын алаң, екі бассейн және өте көп жатын бөлме қажет болды. Сонымен қатар, Монакоға жақын орналасуы маңызды еді. Бұл вилла барлық талаптарға сай келді, өйткені мұндай ерекше талаптарға сай келетін виллалар мүлдем жоқ", — деді бизнесмен сұхбатында.

Кәсіпкердің айтуынша, Назарбаевтың адамдары бұл вилла үшін жарты миллиард долларға дейін ақша ұсынған. Алайда, белгісіз себептермен бұл келісім жүзеге аспай қалған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий