"Назарбаевты жерлейтін орын дайындап жатыр": Уәлибек Әбдірайымов мәлімдеме жасады

Әзілкеш әрі танымал актер Уәлибек Әбдірайымов AIRAN бағдарламасында берген сұхбатында елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты ерекше әзіл айтты.
Ол Түркістан өңірінде жүрген кезінде Назарбаевқа арналған мазар дайындалып жатқанын естіген сәтін күлкіге айналдырғанын баяндады. Әртістің айтуынша, бұл оқиға шынымен болған, бірақ кейіннен көпшілік арасында әзілге айналып кеткен.
Түркістан қасымызда ғой. Бір барғанымда таныстырып жүрген жігіттер: «Мына жерде Нұрсұлтан Назарбаев жатады екен, соған дайындалып жатыр екен», – деді. Сонда мен: «Мынау ма?» – деп таңғалдым. Сосын «Жақсы болды, осында Абылай хан, Жолбарыс хан сияқты ұлы тұлғалар жатыр, сабайтын шығар дедім. Әдемі болып, тура ортасына түсетін болды, осы араға жатса дұрыс болар еді дедім, – деп күлді Уәлибек Әбдірайымов.
Әзілкештің бұл сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көрермендер әртүрлі пікір білдірді.
Соңғы жаңалықтар





