"Неге Назарбаевтың активтері толық қайтарылмады?": Бектенов Назарбаевтардың активтерін қайтару жөніндегі жұмысты түсіндірді

15.07.2025 15:26
0
938
Коллаж POLITICO.KZ (Фото: Informburo.kz, Ресей Президентінің сайты, бейнеден кадр)

Бектенов Назарбаевтардың активтерін қайтару жөніндегі жұмысты түсіндірді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен брифинг барысында журналист Жания Ұранқаева қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселені көтерді. Ол Назарбаевтар отбасының қаңтар оқиғасынан кейін де айтарлықтай жазаға тартылмағанын айтып, активтерді қайтару жұмыстарының нәтижесіне күмән келтірді.

— Қаңтар оқиғасынан кейін еститін мемлекет құрамыз, әділетті Қазақстан құрамыз деген ұрандар көтерілді. Бұрынғы президенттің отбасы енді активтерінен айырылады деген үміт болды. Дегенмен, іс жүзінде отбасыны заңсыз алынған активтерден әлі де толық тазаламады. Барлығы еркін өмір сүріп, ештеңеден қысылмай жүр. Активтер де қайтарылып жатқан жоқ. Сіз бұрын Антикоррупциялық қызметте жұмыс істедіңіз, қазір Премьер-министрсіз. Нақты жауап беріңізші: неге біз Назарбаевтар отбасынан қайтарылған активтерді көріп отырған жоқпыз? Неліктен тек ұсақ коррупционерлермен күрес жүріп жатыр? — деп сауал қойды журналист.

Олжас Бектенов бұл пікірмен келіспейтінін білдіріп:

— Бұл жұмыстың барлығы заң аясында жүргізіледі. Сіз білесіз, бірінші президенттің отбасы мүшелерінен қылмыстық жауапқа тартылғандар болды. Бұл бір күнде бітетін жұмыс емес. Біз жүйелі түрде жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі есеп бойынша, қайтарылған қаржы көлемі 900 миллиард теңге, яғни триллионға жуық. Бұл аз ақша емес. Әрі қарай да жұмыс жалғасады. Әділетті қоғам құру жолында үлкен қадамдар жасалып жатыр, — деп жауап берді.

Жания Ұранқаева бұл жауапқа қанағаттанбай:

— Сіз айтқан отбасы мүшесі Назарбаевтың жиені ғой. Ол бірнеше миллиард төлеп, шартты түрде босап шықты. Сонда бұл жеткілікті деп есептейсіз бе? — деп нақтылай түсті.

Премьер-министр бұл сұраққа да қысқа қайырды:

— Жеткілікті ме, жеткіліксіз бе бұл бағалау категориясы. Ең бастысы заң бұзғандар жазасыз қалмайды. Жұмыс жалғасады, — деді Үкімет басшысы.

Дереккөз: За нами уже выехали

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий