«Неге сондаймыз?»: Димаш Құдайбергенге қатысты ақпарат тарады
1063
Танымал журналист Азамат Әбілқайыр әлеуметтік желідегі жазбасында әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жеке қауіпсіздігіне байланысты мәселе көтерді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Димаштың Астана әуежайында ешқандай қорғаушысыз жалғыз жүруі — алаңдататын жағдай.
Журналист мұны қарапайымдықтың белгісі ретінде көрсетуге болмайтынын атап өтті. Оның сөзінше, Димаш — Қазақстанның атын әлемге танытқан, халықаралық деңгейде танылған өнер иесі, сондықтан оның қауіпсіздігіне кәсіби деңгейде көңіл бөлінуі тиіс.
«Димаштай деңгейдегі әртістің міндетті түрде жеке күзеті болуы керек. Біз неге осындай мәселелерге бейжай қараймыз?» — деп жазады Азамат Әбілқайыр.
Бұл мәселе қоғамда да талқыланып жатыр. Көпшілік танымал тұлғалардың қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілікті күшейту қажет екенін айтады.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...