Несие алу қиындай ма? Ел экономикасы «қымбат ақша кезеңіне» өтті

Несие алу қиындай ма? Ел экономикасы «қымбат ақша кезеңіне» өтті
07.10.2025 17:34
0
67
Фото: Bia Limova

Қаржыгерлер қауымдастығы банктердің несие саясаты қатаңдауы мүмкін екенін ескертті

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының талдау орталығының хабарлауынша, ел экономикасы «қымбат ақша кезеңіне» өтіп жатыр. Несие мен депозит мөлшерлемелерінің жақындауы банктердің табыстылығын шектеп, олардың несие саясатын қатаңдатуына әкелуі мүмкін.

Қарапайым тілмен айтқанда, банктер депозиттерге (салымдарға) төлейтін пайызы несиеден алатын пайызына жақындап келеді. Нәтижесінде корпоративтік несиелер мен депозиттер арасындағы мөлшерлеме айырмашылығы 4,1%-дан 3,6%-ға дейін, ал жеке тұлғалар бойынша 7,8%-дан 6,7%-ға дейін қысқарды. Бұл банктердің пайдасын азайтып, оларды несие беруде сақтық танытуға итермелеуі ықтимал.

Бұл жағдайға инфляцияның өсуі де әсер етуде. Қыркүйек айында жылдық инфляция соңғы екі жылдағы ең жоғары деңгейге жетті. Осыған байланысты Ұлттық банк 10 қазандағы отырысында ақша-несие шарттарын одан әрі қатаңдату туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Қаржыгерлер қауымдастығының пікірінше, банктердің табыстылығына түсетін қысым жалғаса берсе, бұл несиелендіруді шектеп, экономикадағы инвестициялық белсенділікке қауіп төндіруі мүмкін. Жағдайды реттеу үшін инфляциялық және девальвациялық күтулерді тұрақтандыру қажет. Тек осыдан кейін ғана мөлшерлемелерді біртіндеп төмендетуге болады, бұл капиталдың қолжетімділігіне және инвестицияларға оң әсер етеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий