Нұрай Серікбайдың ісі бойынша сот отырысы кейінге шегерілді
Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша алғашқы сот отырысы айыпталушының келмеуіне байланысты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта өткен алғашқы отырыс небәрі 15 минутқа созылған.
Марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаровтың айтуынша, айыпталушы ЖРВИ-мен ауырып, дене қызуы көтерілгендіктен сотқа қатыса алмаған.
«Оған денсаулық жағдайына байланысты сот отырысына қатыса алмайтыны жөнінде медициналық анықтама берілген», – деді адвокат.
Соттың баспасөз қызметі келесі отырыстың күні әзірге белгіленбегенін мәлімдеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.11.2026
14:04
Ғылымға бөлінген миллиардтар: «Заң мен тәртіп» ...
14.11.2026
13:53
«Қазақмыс» «Парыз–2026» байқауында үздік әлеуме...
14.11.2026
13:33
Алматыдағы қарттар үйінде бес күн болған қария ...
14.11.2026
12:25
Көкшетауда мас жолаушылар автобус жүргізушісін ...
14.11.2026
11:36
Алматыда діни экстремизмді насихаттады деген кү...
14.11.2026
10:27
Орман директорларын қорқытып, ақша жинаған ба? ...